Азия еліндегі ең танымал ислам партиясына салынған тыйымның күші жойылды
Азия еліндегі ең танымал ислам партиясына салынған тыйымның күші жойылды
3 ай бұрын 845 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бангладештің жаңа билігі 2013 жылы қызметі шектеліп, 2024 жылы толығымен тыйым салынған «Жамаат-и-Ислами» (Ислам жамағаты) партиясына салынған тыйымның күші жойылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бангладеште «Жамаат-е-Ислами» ұйымының миллиондаған қолдаушылары бар. Соған қарамастан, 2014, 2018 және 2024 жылдары аталған партияға еңлдің ірі саяси додасына, яғни, сайлауға қатысуға тыйым салынды. Ал тамыз айының басында бұл партия террористік ұйым деп танылып,  толық тыйым салынған еді. Бұл жарлық шейх Хасинаның премьер-министр ретінде қол қойған соңғы жарлықтарының бірі болды. Төрт күннен кейін ол елдегі наразылық толқуының белең алуына байланысты қашып кетті. Аталмыш партияның қызметіне салынған тыйымның күші «террорлық әрекеттерге немесе зорлық-зомбылыққа қатысы бар дәлелдің болмауына байланысты» жойылған. Бангладеште ұлтшылдар партиясымен бірге Жамаат-е-Ислами елдегі ең танымал саяси күштердің бірінен саналады.

0 пікір
Мұрағат