|
Азия елі буллингпен күресудің ерекше әдісін таңдады
|
Оңтүстік Кореяда буллингпен күресудің тың әрі өзгеше тәсілі пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы Korean Herald ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы елдің осындай қатаң шарасының арқасында биыл 45 талапкер оқуға түсе алмаған. Білімінің аздығынан емес, кезіндегі, яғни, мектеп қабырғасында зорлық-зомбылыққа жол бергені үшін. Таңғы шық елінің жоғарғы оқу орындары бұдан былай оқуға түскісі келетін талапкерлердің мектептегі тәртібіне де назар аударатын болады. Жоғарыда айтқанымыздай, 45 талапкерді мектептегі әлімжеттігі үшін қабылдамауды осы елдің ең беделді және ұлттық әрі мемлекеттік мәртебесі бар Сеул университеті мен Кенбек университеті бастап берді. Ендігі жерде талапкерге тәртібінің нашарлығы үшін салынған айып ұпайының ауырлығы мен деңгейіне қарай есептеледі, яғни, білім көрсеткішінен алынып тасталады. Келесі жылдан бастап бұл шараны елдегі барлық жоғарғы оқу орындары қолданатын болып шешті. Осылайша кейінгі кезде кеңінен етек алған жат әдетпен күресті күшейтеді.