Әзірбайжанның Қылмыстық кодексі экоцид туралы баппен толықтырылуы мүмкін
Әзірбайжанның Қылмыстық кодексі экоцид туралы баппен толықтырылуы мүмкін
2 жыл бұрын 1765 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Әзірбайжанның адвокаттар алқасының жетекшісі Анар Бағыровқа (суретте - ред.) жөн сілтеген trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. "Армяндар Әзірбайжан экологиясына орасан зор зиян келтіргені белгілі және бұл процесс жалғасуда. Әзірбайжан адвокаттар алқасы мұндай мәселелерге бей-жай қарай алмайды. Сондықтан алқа құрамында әрекет ететін қылмыстық құқық жөніндегі топ тиісті ұсыныстарды дайындады. Экологиялық террор анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экоцидке байланысты Қылмыстық кодекске бап қосуды ұсынып отырмыз. Әзірбайжанның Қылмыстық кодексінде мұндай баптың болуы болашақта экоцид жағдайларының алдын алуы мүмкін. Тиісті органдар бұл мәселені мақұлдап, бап Қылмыстық кодекске енгізіледі деп сенемін», деді ол.

 

0 пікір
Мұрағат