Әзірбайжандар неке туралы заңнамасын реформа деңгейінде өзгертті
Әзірбайжандар неке туралы заңнамасын реформа деңгейінде өзгертті
4 ай бұрын 956 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тараптағы заңнамада мәжбүрлеп некелестіру ұғымы тек әйелдерге ғана қолданылмайтын болды. Бұл өзгерту аталған ел президенті Илхам Әлиев бекіткен Қылмыстық кодекске енгізілген түзетуде көрініс тапты. Бұл жайында islam.kz порталы trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қылмыстық кодекстің 176-1-бабы (Әйелді некеге тұруға мәжбүрлеу) «Мәжбүрлеп неке қию немесе ерте некеге тұру» деп өзгертіліп, мұндай қылмыстан кез келген адам зардап шегеуі мүмкін екені ескерілген. Айта кетейік, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес әйелді некеге тұруға мәжбүрлегендер екі мыңнан үш мың манатқа (әзіррбайжандардың төл ақшасы - ред.) дейін айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, ерлерді де өз еркінсіз некеге тұрғызғандар екі мыңнан үш мың манатқа дейін айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Әзірбайжанда орынды себептермен неке жасын бір жылға қысқартуға берілген рұқсат жойылды. 16 жасқа толмаған бозбаланың немесе бойжеткеннің некесін қиғандарға 2000 манатқа дейін айыппұл салынады немесе әкімшілік қамауға алынады. Егер кәмелет жасына толмаған адамды өзінен бес жас немесе одан да егде адаммен некесін қиған адамның жазасы ауырлауы мүмкін. Кәмелет жасына толмағандардың құдағылығы мен үйлену тойын ұйымдастырғандарға 13 мың манатқа дейін айыппұл салынады. Осылайша, кодекске жаңа 189-2-бап (Кәмелетке толмағандарды ерте некеге тұруға байланысты рәсімдерді өткізу) қосылды. Жаңа бапқа сәйкес кәмелетке толмағандардың некеге тұруына байланысты рәсімдерді (құда түсу, үйлену тойы және басқа да рәсімдер) қоғамдық тамақтандыру объектілерін басқаратын тұлғалардың өткізгені үшін жеке тұлғаларға 1000 манаттан 1500 манатқа дейін, лауазымды адамдарға 3000 манаттан 4000 манатқа дейін айыппұл салынады, ал заңды тұлғаларға – 6000-нан 9000 манатқа дейін. Әкімшілік жазаға тартылған адам осы кодекстің 189-2.1-бабында көзделген құқық бұзушылықты әкімшілік жаза туралы қаулы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 2000-нан 2500 манатқа дейін, лауазымды адамдарға - 5000 манаттан 2500 манатқа дейін, заңды тұлғаларға - 10000 манаттан 13000 манатқа дейін өседі. Кәмелетке толмағандар арасында діни неке қиған тұлғаларға мың манат айыппұл салынады.

0 пікір
Мұрағат