|
Әзірбайжанда мемлекеттік құпия санатына кіретін деректер қатары толықтырылуы мүмкін
|
Әзірбайжанда мемлекеттік құпия санатына жатқызылатын ақпараттар тізімін ұлғайту туралы ұсыныс айтылды. Бұл жайында islam.kz порталы trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ұсыныс ұлттық мәжілістің (парламент) экономикалық саясат, кәсіпкерлік және өнеркәсіп комитетінде талқыланған «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңға ұсынылған түзетуде көрініс тапты. «Өзгеріске сәйкес экономикалық саладағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің аясы нақтыланады және оған әскери мақсаттағы өнімді әзірлейтін немесе өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ, осы өнімді бір мезгілде экспорттайтын және өткізетін, осыған ұқсас жұмыстар мен қаржылық есепті ұйымдастыратын кәсіпорындар кіреді», деп айтылған ұсыныста.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...