|
Әзірбайжанда халал дәрі-дәрмекке қойылатын мемлекеттік талаптар әзірленді
|
Әзірбайжанның экономика министрлігіне қарасты монополияға қарсы және тұтыну нарығын бақылау жөніндегі мемлекеттік қызметке бағынышты стандарттау институты «Халал дәрі-дәрмек – І тармақ – Жалпы талап» AZS OIC/SMIIC 50-1:2023 мемлекеттік стандартын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш институтта бұл стандарт шариғатқа сай әзірленетін халал дәрі-дәрмек өндірісі мен тасымалына қойылатын негізгі талаптарды айқындайды. Стандарт дәрі-дәрмектің залал мәртебесінің сақталуын қамтамасыз етіп, тұтынушылардың дәрілік өнімдерге сенімін қалыптастырады. Мемлекеттік стандартқа Әзірбайжанның денсаулық сақтау министрлігінің талдау сараптамасы орталығы келісімін берді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы