Әзірбайжан отандық лазерлік қаруды шығарды (видео)
|
Барлық бөлшектері әзірбайжан инженерлері әзірлеген Fireforce атты лазерлік қару Баку қаласында өткен V Әзірбайжан халықаралық қорғаныс көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы Armiya.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жеңіл саутты көлік бір шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысанаға дәл тигізе алатын, салмағы 900 келі тартатын зеңбірекпен жабдықталған. 30 киловатт қару жердегі, әуедегі және теңіздегі нысаналарды жоюға арналған. Әзербайжанның Fireforce алғашқы лазерлік қаруын әзірлеген Уәлі Әріпзаде қарудың ең қысқа мерзімде – екі айда жасалғанын айтты. Осылай деген отандық әскери өнімнің ол ылғал мен шаң-тозаңнан, су буынан қуаты мен тиімділігін жоғалтатын лазерлік қаруларға тән кемшіліктерден ада екенін мәлімдеді. «Қазіргі уақытта жою қашықтығы 1 шақырымды құраса, алдағы уақытта 10 шақырымға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл толығымен отандық өнім. Барлық мәліметтерді өзіміз дайындадық. Патент біздің мемлекетке тиесілі», деді ол.