Әзірбайжан-Армения қақтығысы: Түркияға қарсы үлкен ойынның бір бөлігі – түрік сарапшысы
Әзірбайжан-Армения қақтығысы: Түркияға қарсы үлкен ойынның бір бөлігі – түрік сарапшысы
4 жыл бұрын 2638 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

«Ени Шафак» мерзімді басылымының бас редакторы Ибрагим Қарагүл таяуды орын алған Әзірбайжан-Армения қарулы қақтығысына халықаралық-саяси контексте басқа қырынан үңілген екен. Автордың жазуынша, бұл шабуыл тек Әзірбайжанға ғана бағытталмаған. Әзірбайжанды көздеген болып, Түркияға оқ атылды. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, бұл қарулы қақтығыс Шығыс Жерорта теңізіндегі энергия ресурстары үшін күреспен байланысты, сондай-ақ, мұның астарында Либиядағы, Сириядағы және Ирактағы Түркияның ықпалын кеміту жоспары жатыр. Түрік сарапшысы осылай дей келе Жерорта теңізі аймағындағы текетірес Каспий және Қара теңіз, соның ішінде, Оңтүстік және Солтүстік Қап тауы аймағын да қамтитынын да жазыпты. Өйткені, түрік тасқыны мен Азиядан Еуропаға өтетін өзге де транзиттік маршрут жобалары Түркияның аймақтағы ықпалын аттырып, саяси мысы басым державаға айналдырады. Редактордың пікірінше, Біріккен Араб Әмірлігі мен Ресей Федерациясы, Франция және Иран Түркияны энергетикалық державаға айналдырмауға мүдделі. Сол үшін де Халифа Хафтар, күрд лаңкестерін өздерінің арам мақсатында пайдаланып жатыр. Таразының бір басында Түркияның тағдыры тұр – соған қарамастан бұл текетіресте Түркияның мерейі үстем түсетінін жазыпты. Қалай, қандай жолмен Түркия бұл ойында ұтатынын, алайда, жазбапты. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

0 пікір
Мұрағат