Азаматтығы жоқтарға да әскер қатарында қызмет етуге рұқсат берілетін заң қабылданды
|
Кувейттің ұлттық жиналысы азаматтығы жоқтарға да елдің әскер қатарында қызмет етуге мүмкіндік беретін заң жобасын екінші оқылымды мақұлдады. KUNA ресми ақпарат агенттігінің келтірген дерегіне қарағанда, аталмыш заң жобасына 52 депутат жақтап дауыс берген, ал қарсылық білдіргендер қарасы - 5, қалыс қалғаны – 1. Бұл заң азаматтығы жоқ тұлғаларға әскер қатарында кувейттіктерге қойылатын талап бойынша қызмет етеді. Әрі кувейттіктерге жасалған жағдай оларға да жасалады. Ол ол ма, олардың жалақысынан әлеуметтік сақтандыру, т.б. міндетті төлемдер шегерілмейтіндіктен кувейттіктерден артық алатын болады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл елде азаматтығы жоқ 96 мыңдай адам бар. Олардың дені бәдәуилер. Кувейт билігі бәдәуилерді заңсыз иммигранттар қатарына жатқызады.