Аз жылдан соң Корея әскерінің жартысын роботтар құрайтын болады
Аз жылдан соң Корея әскерінің жартысын роботтар құрайтын болады
7 жыл бұрын 6358 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Роботтар көбінесе барлау қызметіне тартылады: 600 барлаушының орнын басады. 

Оңтүстік Кореяныңұлттық қорғаныс министрлігі санаулы жылдардан соң, дәлірегі, 2024 жылдан бастап адамдар мен роботтардан тұратын аралас әскери бөлімшелер құруды жоспарлап отыр. Яғни, аталған елдің қарулы күштерінің құрамында жасанды интеллекті де қызмет ететін болады. Бұл жайында аталмыш елдің қорғаныс министрі  Сон Ён Му мәлім етіп,  Defense Aerospace ақпарат көзі хабар таратты. Оңтүстік Корея мұндай қадамға елдегі демографиялық ахуалдың нашарлағаны себепті барып отырғандарын жасырмады. Қазіргі уақытта ел халқының саны 50 млн-ға тарта. Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген дерегі бойынша 2050 жылға қарай аталған ел халқының саны 40 млн-ға дейін кемиді. Егер демографиялық ахуал жақсармаса, 2100 жылға қарай 20 млн-ға дейін кемуі мүмкін. Әскер қатарына алынатын роботтар негізінен тек барлау қызметінде ғана емес, сонымен қатар, жерасты, суасты барлау қызметінде, ұшу аппараттарында, сапер ретінде пайдаланылады. Бұған қоса, Жапонияның ауыл шаруашылық министрлігі роботтарды пайдалану азық-түлік тапшылығын жоюға көмектесіп, мемлекет қазынасына артық шығын келтірмейтінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат