Аядай ғана елде «өлімге сұраныс» күрт артқан
|
Нидерландыдағы Эвтаназия жөніндегі шұғыл орталық (бұрын Өмірді аяқтау клиникасы деп аталған) өткен жылдың қорытындысын шығарды. Аталған орталықтың келтірген дерегіне қарағанда, 2019 жылы аталмыш елде эвтаназия жасатуға қатысты өтініш күрт артқан. Нақты мәлімет бойынша өткен жылы дәрігердің көмегімен өлуге 3122 адам өтініш берген. Бұл сан 2018 жылғы кқрсеткішпен салыстырғанда 22%-ға көп. Осыған байланысты өз еркімен жанын қиғысы келетіндердің өтінішін қанағаттандыруға дәрігерлер жетіспей жатыр. 2019 жылы 898 адамның өтініші қанағаттандырылып, дәрігердің көмегімен жан тәсілім еткен екен. Әдетте аталған орталықтың қызметіне психиатрдың пациенттері көп жүгінеді. Бұл елде өз-өзіне қол жұмсаумен бірдей бағаланатын мұндай тәжірибе 2001 жылы заңмен бекітілген.