Автократиялы елдің ессіз тірлігі...
Автократиялы елдің ессіз тірлігі...
5 жыл бұрын 1950 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркіменстанның арнайы жасағы мен қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты органдары әр үш ай сайын, яғни, бір тоқсаннан соң ел тұрғындарынан «Уч арка маглумат»  ("Үш ата мәліметі") жинайды. Яғни, ел азаматтарының үш атасына дейін түгендеп, олар туралы дерек қамтылатын анкета толтыртады. Бұл жайында "Түркіменстан хроникасы" деп аталатын түркімендердің ақпарат көзі хабар таратты. Бұрын мұндай анкетаны түркімендер жылына бір рет, яғни, жыл басталғанда ғана толтыратын. Кейін мерзімі үш айға белгіленген. Аталмыш елде мұндай тәжірибе Түркіменстанның тұңғыш президениті Сапармұрат Ниязовтың кезінен қолданылып келеді. Мұндай анкета толтырмағандар жоғары оқу орындарына немесе кәсіптік техникалық білім ордаларына түсе алмайды, бұдан бөлек, мемлекеттік немесе бюджеттік мекемелерге жұмысқа тұра алмайды, ол ол ма, балаларды балабақшаға немесе мектепке қабылдамайды. Өз халқына сенбестік танытып, секемшілдікке бой алдырған автократиялы ел билігінің осынау әсіресақтығы осындай басы артық, елді әуреге салатын ессіз қадамға итермелеп отыр. 

0 пікір
Мұрағат