Австралиядағы мешіт пен синагога мемлекет тарапынан қаржыландырылады
Австралиядағы мешіт пен синагога мемлекет тарапынан қаржыландырылады
1 жыл бұрын 1221 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралиядағы мешіттер мен синагогалар Таяу шығыс аймағындағы геосаяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты қауіпсіздік шарасы ретінде мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде SkyNews ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралияның премьер-министрі Ентони Албаниз (мұқаба суретінде - ред.) мешіттер мен синагогтарға және діни білім беру мекемелеріне 50 млн доллар қаражат бөлінетінін мәлімдеді. Бұл қаржы ғибадат ғимараттарының, яғни, 117-ден аса құлшылық ететін орын мен діни білім ошақтарының қауіпсіздігін амтамасыз етуге, дәлірегі, бейнебақылау камераларын орнатуға, күзет қоюға, т.б. жұмсалады. Осы орайда осыдан үш ай бұрын аталған ел билігі осындай мақсатқа 40 млн доллар бөлгенін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат