|
Австралияда «мұсылман ауылы» пайда болады
|
Австралияның Мельбурн қаласында ерекше шағын аудан пайда болады. Тек қана мұсылман тұрғындарға арналған аудан «Иқро ауылы» деп аталмақ. Бұл жоба өз кезегінде христиан елі болып табылатын Австралиядағы азшылықты құрайтын мұсылмандарды кейінгі кезде өршіп кеткен исламофобтардың қоқан-лоққысынан қорғайды.
Жоспар бойынша аталмыш ауданға Оңтүстік Азиядан көшіп келуші мұсылмандар қоныстандырылады. Аудан орталығында үлкен мешіт те салынады. Сонымен қатар, балаларға арналған арнайы мұсылман мектебі тұрғызылмақ.
Инвесторлардың есебіне сәйкес, жаңа шағын аудандағы үйлерге сұраныс көлемі жоғары болмақ. Себебі, мұнда ешбір исламофобиялық қысым көрмей толықтай мұсылманшылықты сақтап өмір сүруге мүмкіндік мол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін