Австралия құрлығына ислам қалай келді?
Австралия құрлығына ислам қалай келді?
3 жыл бұрын 2009 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Суретте Австралиядағы түйеші, 1935 ж.

Австралиядағы ең қарт мешіт шарықшысы атанған 81 жастағы қария Аминулла Шамрұз аталған құрлыққа исламның қалай жеткенін айтып берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Middle East Eye дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралиядағы шалғай аудандардың бірінен саналатын, 17 мың тұрғыны бар, негізінен  шахтерлер тұратын шағын ғана Брокен Хил (Broken Hills) қаласындағы мешітті қарайтын, қарауылдайтын Аминулла Шамрұзды жергілікті жұрт «Бобби» деп атап кеткен. Боббидің айтуынша, атталған құрлықтағы исламның таралу тарихы ауған түйешілерімен тығыз байланысты, дәлірегі, 1887 жылы аталмыш қаладағы мешіттің өзі ауған түйешілерінің қолымен салынған. 1880-ші жылдары Пәкістаннан, Ауғанстаннан және Үндістаннан Австралияға 4000 түйеші келген – шөл кемесі атанған жауар аптап ыстық пен тандырдай шарпыған құмнан ауыр жұмыстарға төтеп бере алмаған жылқыларды алмастыру үшін Азиядан алдырылған болатын. Дәлірегі, Австралияға сол мерзімде 20 мыңна аса түйе әкелінген. Төрт түліктің төресімен бірге алғашқы мұсылмандар да жаппай қоныс аударған. Олар шахтада жұмыс істеді, жергілікті әйелдермен отбасын құрып, ұрпақ өрбітті. Ал біздің кейіпкеріміз Боббидің өзі сүйегі әлдеқашан қуарып қалған түйешілердің тікелей ұрпағы, кіндігінен үш қыз тараған. Оның әкесі Шамрұз Хан да, атасы Зайдулла Файзулла да бүгінде өзі қарап жүрген мешітте құлшылықтарын атқарған.

Ұқсас материал: 

"Тұңғыш: исламды қабылдаған алғашқы жапон" (https://islam.kz/kk/news/madeniet/tungysh-islamdy-qabyldagan-algashqy-japon-15324/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат