|
Австралия кәсіпорны халал өндірістен бас тартты
|
Австралиядағы Facebook әлеуметтік желісінде шариғат талаптарына қарсы жүріп жатқан науқанға байланысты сүт өнімдерін өндіретін Fleurieu компаниясы халал сертификатынан бас тартуға мәжбүр болып отыр. Бұл өз кезегінде Таяу Шығыстағы аса ірі Emirates Airline атты әуе тасымалдаушы компаниямен арадағы келісімшартты бұзуға апарып соқтырды. Үш бірдей фермерлік шаруашылыққа тиесілі аталмыш сүт компаниясы осылайша халалға қарсы науқанның құрбаны болды. Fleurieu компаниясының сату және маркетинг жөніндегі менеджері Ник Хатчинсон мәлімдегендей, халал сертификаттан бас тартқаны үшін компания жылына 50 000 доллар табыстан қағылатын болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді
■
Ойдың адамды жегідей жейтіні – биологиялық жасын кемітетіні белгілі болды
■
Елімізде Қашағанмен бірдей ірі мұнай кен орны табылды