Ауыз қуысын тазалау құралдарының нарығы 2030 жылы 53 млрд доллардан асады
Ауыз қуысын тазалау құралдарының нарығы 2030 жылы 53 млрд доллардан асады
5 ай бұрын 607 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2030 жылға таман күллі әлем бойынша ауыз қуысын тазалау құралдарының (тіс пастасы, тіс щеткасы) нарықтағы айналымы 53,3 млрд долларға жетеді. Егер жылдық, жиынтық өсу қарқыны 6,4% деңгейінде қалса.  Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде MarketsandMarkets деп аталатын жаһандық нарықты қадағалайтын сарапшылар тобы келтірген дерекке жөн сілтеген Healthcare Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш нарықтың өсуіне ең алдымен ауыз қуысының тазалығына қатысты әлі күнге шешімін таппаған мәселелер мен денсаулықты күтіп ұстау турасындағы түсіндірме ақпараттық науқандар, іс-шаралар, т.б. ықпал етпек. Бұған қоса, электрмен жұмыс істейтін тіс шеткаларының, жасанды зерде технологиясымен жабдықталған ауыз қуысының тазалау құралдарының, ауыз қуысын шаюдың өзге де инновациялық құралдары аталған нарықтың ұлғаюына әсер етеді.

0 пікір
Мұрағат