Ауырсынудың ең ауыр түрлерінің тізімі жасалды
Ауырсынудың ең ауыр түрлерінің тізімі жасалды
2 жыл бұрын 2013 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ең күшті ауырсыну сезімдерінің тізімін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аурырсыну немесе аурудың жанға батуы – адамның өмірлік тәжірибесінің ажырамас бір бөлігі. Десе де кей ауырсыну сезімдері жантөзгісіз болатыны соншалық, жанын қоярға жер таппай кетеді. Ауырсыну ауырлығына қарай, яғни, жантөзгісіз дәрежесіне қарай былай жіктеледі:

1. Кешенді аймақтық ауырсыну синдромы (CRPS): Бұл жағдай адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, себепке пропорционалды емес қарқынды ауырсынуды тудырады, яғни, жатық тілмен айтқанда, аурудың себебіне сәйкес келмейтін жантөзгісіз ауырсыну сезімі. Жарақат немесе операциядан кейін пайда болады, кейде ешқандай себепсіз пайда болады. Ауырсынудың күштілігі соншалық, ол МакГиллдің ауырсыну шкаласы бойынша 50-ден 42-ге бағаланады, тіпті, анестезиясыз саусақ ампутациясының ауырсынуынан да асып түседі, яғни, жансыздандыратын дәрісіз саусақты кесу отасы кезіндегі ауырсыну сезімінен де күшті.

2. Оқ құмырсқаның шағуынан болатын ауырсыну ссезімі Шмидттің ауыруы индексі бойынша бағаланады: Жастин Шмидт есімді энтомолог жәндіктердің шағуын бағалау арқылы ауырсыну индексін түзген болатын. Оқ құмырсқаның шағуы 4 деген «ұпаймен» бағаланады, ауырсыну сезімінің күштілігі соншалық, аталған ауырсыну сезімі өз алдына бөлек санатқа ие  болған еді.

3. Бүйректегі тас: аталған ағзадағы қатты қалдықтардың пайда болуы көбінесе аяғы ауыр әйелдің босану кезіндегі немесе шап аймағындағы (ер адамның ұрпақ өндіруге атсалысатын «белі») соққыдан да ауыр ауырсыну сезімін тудырады. Бүйректегі тастар бірр мезет болса да тыным бермейтін ауырсынуды тудырады, тіпті, ауруды басатын дәріні қабылдаған күннің өзінде науқас бебеулеп, жанын қоярға жер таппайды. 

0 пікір
Мұрағат