Ауыр қылмыс жасағандар жазасын елсіз аралда өтейді
Ауыр қылмыс жасағандар жазасын елсіз аралда өтейді
5 жыл бұрын 2198 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезия билігі елдегі түрмелердің көбісін иен жатқан елсіз аралдарға көшіруді жоспарлап отыр. Индонезиялық Jakarta Post мерзімді басылымының таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, аралға көшірілетін түрмелерде ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейтін болады. Қазіргі уақытта түрмелердің көбісі қала маңында орналасқандықтан бұл жағдай түрменің ішкі тәртібінің бұзылуына апарып соқтырып жатады. Оның үстіне, бір түрменің қабырғасында түрлі бап бойынша сотталғандар жазасын өтеуде. Оның ішінде ұрлық жасағандары да бар, есірткі қолданғандары да жатыр, кісі өлтіргендері де кездеседі. Тіпті, терроризм бойынша айыпталғандармен да жеңіл қылмыс жасағандар жазасын бірге өтеп жатыр. Бұл өз кезегінде жазасын өтеушілер арасында лаңкестердің ықпалымен экстермистер қарасының көбеюіне түрткі болуда. Бұдан бөлек, 127 мың қылмыскерге шақталған түрмеде 263 мың адам жазасын өтеп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат