Ауыл шаруашылығынан жерге келетін қауіп артады
|
2023-2032 жылдар аралығында ғаламдық ауыл шаруашылығы саласынан атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшері 7,6 пайызға артып, климат дағдарысының тереңдеуіне ықпал етеді. Ауыл шаруашылығынан атмосфераға бөлінетін жалпы көмірқышқыл газының 80 пайызы мал шаруашылығына тиесілі болмақ Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, сондай-ақ, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының баяндамасында келтірілген дерекке жөн сілтеген немістердің Frankfurter Allgemeine Zeitung мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде бұрынғы қарқынын жоғалтпағанда аталған мерзімде (2023-2032 ж.) ауыл шаруашылығынан атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшері 12,8 пайыз артуы тиіс болатын. Аграрлық сала мен мал шаруашылығы көміртектен ада технологияны кеңінен енгізу арқылы климат дағдарысының қарқынын бәсеңдетуге болады.