Әулие Валентин күнін тойлауға тыйым салды
|
Исламабад қаласының жоғарғы соты Пәкістан аумағында Әулие Валентин күнін тойлауға тыйым салды. Бұл жайында "Express Tribunа" мерзімді басылымы хаба таратты. Аталған басылымның дерегіне сүйенсек, бұл үкім мұсылман дәстүріне сай еместігін айтып, оған тыйым салуды сұраған авторлардың петициясын қарағаннан кейін шыққан. Билік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне аталмыш мерекені жарнамалауға тыйым салды. Католиктер мен протестанттар жыл сайын ақпан айының 14-і күні Әулие Валентин күнін Ғашықтар мерекесі ретінде тойлайды. Бір қынжылтатыны, асыл дінімізге жат, халқымыздың салт-дәстүріне қайшы аталмыш күнді жастарымыз, міне, бірнеше жылдың жүзі болды, мерекелеп келеді. Осы "мерекенің" кесірінен, жаза басып, жүкті боп қалып жатқан қарындастарымыз зина жасап, бір, түсік жасатып, екі күнәға бататыны да жасырын емес. Бізге де осындай бір тыйымның керек болып тұрғанын айта кету керек.