Ауғанстанның медреселеріне адам сыймай жатыр
|
Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) әйелдерге зайырлы білім алуға тыйым салғандықтан ел аумағындағы медреселер адам сыйдыра алмай жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша елдегі медреселерге деген сұраныс күрт артып кеткен. Өткен жылы бір ғана Қандағар елді-мекеніндегі медреселер шәкіртінің қарасы кем дегенде екі есеге өскен: 200 шәкіртке шақталған медреселерде қазіргі уақытта 400 адамға дейін діни білім алып жатыр. Дегенмен, қазіргі уақытта медреседе тек діни мәтіндер ғана емес, сонымен қатар, балалардың болашағына қажетті заманауи әрі зайырлы білім пәндерін енгізу де қарастырылып жатыр.