Ауғанстаннан НАТО әскерлері шығарыла бастады
Ауғанстаннан НАТО әскерлері шығарыла бастады
4 жыл бұрын 2806 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Солтүстік саяси-әскери альянсқа мүше елдердің сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің Ауғанстаннан әскерді шығару туралы келіссөз қорытындысы бойынша мамыр айының 1-нен бастап аталған елден НАТО сарбаздары біртіндеп шығарыла бастайды. Бұл процесс бірнеше айға созылады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш саяси әрі әскери ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенбергтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал таяуда АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстаннан НАТО әскері қыркүйек айының 11-не дейін толық шығарылатынын жария еткен еді. НАТО жетекшісі Йенс Столтенбергтің айтуынша, ауған жерінде болған жиырма жыл ішінде аталған елдің қауіпсіздік күштерінің қалыптасуына ықпал еткенін тілге тиек етті. 2020 ылдың бас кезінде АҚШ билігі мен тәліптер қозғалысы арасында табаны күректей 18 жылдан аса уақытқа созылған соғыстан соң алғаш рет келісімге келген еді. Аталмыш келісімде ауған жерінен НАТО әскерін шығару талабы да қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат