Ауғанстандағы оң өзгерістерді жазған британ депутаты сынның астынды қалды
Ауғанстандағы оң өзгерістерді жазған британ депутаты сынның астынды қалды
1 жыл бұрын 979 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияның қорғаныс комитетінің жетекшісі Тобиас Елбуд әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында Ауғанстанның Гилменд провинциясында тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) билікке келгеннен кейінгі орын алған жағымды өзгерістерді бейнелейтін видео жариялады. Дәлірегі, америкалық басқыншылар кеткеннен кейінгі оң өзгерістерді сөз еткен болатын. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ауған провинциясындағы күн электр стансасының құрлысы жүріп жатқанын, апиынға тәуелділер қарасының азайғанын, қауіпсіздік қызметінің жұмыс тиімділігін, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 1970-шы жылдардағы деңгейге жеткенін, яғни, коррупциямен күрестегі жетістікті тілге тиек еткен екен. Ауғанстандағы осындай жағымды өзгерістерді тізбелей келе британ депутаты Ұлыбритания билігін Ауғанстан үкіметімен дипломатиялық байланыс орнатып, елде британ елшілігін ашу туралы ұсынысын білдірген болатын. Алайда, Тобиастың бұл жазбасы аудияториясына ұнамады. Депутатты жерден алып, жерге салып, тілдегендер қарасы көп. Тобиас қоғамның қысымымен әлемжелідегі жазбасын өшіруге, тіпті, кешірім сұрауға мәжбүр болды. «Ниетім түзу болғанмен қателік жібергенімді мойындайтын кез келді. Мен мәселені халықаралық аренада шешуге тырысамын. Сапарым туралы ойларым контекстен алынып тасталғанына өкінемін»,- деп мәлімдеді ол.

0 пікір
Мұрағат