Ауғанстандағы аса күшті зілзаладан 1000-ға тарта адам опат болды (видео)
Ауғанстандағы аса күшті зілзаладан 1000-ға тарта адам опат болды (видео)
3 жыл бұрын 1485 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауғанстандағы аса күшті зілзаладан опат болғандар саны артып келеді. Әзірге мыңға тарта адамның ажал құшқаны белгілі болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Aamaj News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кенеттен келетін табиғи апаттан, дәлірегі, 6,1 балды жер сілкінісінен жеті провинция зардап шекті. Алайда, ұзын саны 1,5 млн адам тұратын Пактика және Хост провинцияларында жойқын болған. Бұдан бөлек, зілзала Пәкістан аумағынан да байқалған. Ауғанстанның табиғи апаттармен күрес жөніндегі мемлекеттік министр Шарафуддин Мүслімнің келтірген дерегіне қарағанда, 920 адам қаза иауып, 600-ден аса адам түрлі деңгейде жарақат алған. Осынау төтенше жағдайға байланысты ауған премьер-министрі Мұхаммед Хасан Ахунданың жетекшілік етуімен төтенше жиын өтіп, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға медициналық және материалдық жәрдем беру мәселелері қарастырылды. Бұл мақсатта қолда бар техникалар мен медициналық мекемелер және көлік құралдары зілзала салдары мен зардаптарын еңсеруге жұмылдырылатын болды.

0 пікір
Мұрағат