Ауғанстанда университеттер жаппай жабылып жатыр
|
Ауғанстандағы жекеменшік университеттер билік басындағы тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) әйелдердің білім алуына тыйым салуына байланысты жаппай жабылып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ауған кәсіподағына жөн сілтеген The Independent мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзі мен ауған кәсіподағы өкілінің келтірген дерегіне қарағанда, осы уақытқа дейін 35-ке тарта жекеменшік жоғарғы оқу орны жабылған. Осылайша тәліптер әйелдердің білім алу құқығын өрескел бұзып, ел экономикасы мен болашағына орасан зор нұқсан келтіріп отыр.