Ауғанстанда сұлулық салондарына тыйым салынды
Ауғанстанда сұлулық салондарына тыйым салынды
1 жыл бұрын 940 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jorge Silva / Reuters

Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым деп танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) елдегі сұлулық салондарын жауып, жұмысын тоқтатты. Ел астанасы Кабул қаласында ғана емес, сонымен қатар, барлық провинцияда. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жамандықтан тыйып, жақсылыққа бастайтын, ислам құндылықтарына бағдарлану министрліктің тікелей пәрменімен салон жұмысын тоқтату өз кезегінде отбасын осы кәсіппен асырап отырған кәсіпкерлерге ауыр соққы болып тиді. Сөз орайы келгенде тәліптер билік басына келгелі әйелдердің білім алу, жұмысқа тұру құқықтары өрескел бұзылғандығын, тіпті, жанында қамқоршысы болмаса көшеге шығуға тыйым салғанын айта кету керек. Тәліптердің әйелдерге қатысты түрлі шектеу шаралары әлем қауымдастығының наразылығын тудырып отыр. Әйелдер мәселесі – тәліптер билігінің заңдылығын мойындауға кедергі болатын бірден-бір факторға айналған.

0 пікір
Мұрағат