Ауғанстанда сотталғандар мен қамқоршысы жоқ балаларға төлқұжат беруге тыйым салынды
Ауғанстанда сотталғандар мен қамқоршысы жоқ балаларға төлқұжат беруге тыйым салынды
3 ай бұрын 1365 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауғанстанда төлқұжат алуға тыйым салынатын адамдар санаты кеңейтілді. Бұл жайында islam.kz порталы Khaama Press ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Төлқұжат басқармасы сотталғандарға, қамқоршысы жоқ балаларға, сондай-ақ, берешегі немесе басқа да міндеттемелері өтелмеген адамдарға шетелге шығуға және төлқұжат алуға тыйым салатын жаңа ережелерді қолданысқа енгізді. «Елден шығуға тыйым салынған, биометриялық жүйе мен деректер базасының көмегімен белгіленген тұлғаларға автоматты түрде төлқұжат берілмейді», - деп айтылған хабарламада. Осы орайда бұрын аталған елде барлық азамат төлқұжат ала алатынын айта кетпегенде - кейбір қылмыстық іске шатылып, көзге түскендерді қоспағанда. Ауғанстан аумағында жеке басты куәландыратын ұлттық құжат «тазқира» деп аталады. Ал төлқұжат шетелге шығу үшін қажет.

0 пікір
Мұрағат