Ауғанстанда мұсылман еместерге еліктеуге тыйым салынды
Ауғанстанда мұсылман еместерге еліктеуге тыйым салынды
2 ай бұрын 700 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ali Khara / Reuters

Ауғанстан билігіндегі тәліптер қозғалысы тағы бір тыйымды қолданысқа енгізді. Бұл жолы ерлер сақалының қалыңдығы мен ұзындығы жұдырықтан кем өсірмеуі тиіс әрі мұсылман еместердің өмір сүру салтына немесе сыртқы келбетіне еліктеуге, соның ішінде жинсы киюге, шашты сәндеп қысқартуға тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы The Washington Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, ерлерге өзінің әйелі мен туыстарынан өзге әйелдерге қарауға тыйым салынады. Жаңа ереже талаптарына сәйкес өнеге полициясы күдіктілерді үш тәулікке дейін қамауға алатын құқыққа ие болды. Мешітте намаз оқудан бірнеше рет бас тартқандардың ісі сотта қаралуы мүмкін. Ережені бұзғандарға айыппұл салынады немесе абақтыға жабылады. Ал зинақорлық секілді ауыр қылмысы үшін дүре соғылады немесе тас борату арқылы өлім жазасына кесілуі мүмкін. Осы орайда осыдан бірнеше ай бұрын аталған Азия елінде әйелдерге көпшіліктің көзінше дауыстап сөйлеуге, жүзін көрсетуге, жұқа матадан тігілген киім киюге тыйым салынғанын айта кетпекпіз. Бұдан бөлек, әйел адам өз үйінде отырып ән салғысы келсе, оның даусы сыртқа естілмеуі керек. 

0 пікір
Мұрағат