Ауғанстанда мемлекеттік лауазымды қызметкерлерге суретке түсуге тыйым салынды
Ауғанстанда мемлекеттік лауазымды қызметкерлерге суретке түсуге тыйым салынды
1 ай бұрын 1070 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының билігі жергілікті мемқызметкерлерге суретке түсуге және бұқаралық ақпарат құралдарывның өкілдерімен бейнесұхбат жүргізуге ресми түрде тыйым салды Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ауған журналистикасы орталығына (AFJC) жөн сілтеген ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш орталықтың хабарлауынша, «Тәліптердің Ауғанстандағы сөз бостандығына қатысты жалғасып жатқан шабуылы күшейе түсуде». «Нангархар осындай шектеулер енгізген бесінші провинцияға айналды», - делінген хабарламада. Бұдан бөлек, «Бұйрықта, атап айтқанда, ислам әмірлігінің жоғарғы басшысы бекіткен жамандықтан тыйып, жақсылыққа бастайтын министрліктің соңғы заңына сәйкес, Хайбатулла Ахундзаданың тікелей пәрменімен провинцияның әскери кеңесі осы уақыттан бастап мемлекеттік қызхметкерлерге тірі жандарды суретке түсіруге және оларды таратуға тыйым салынған деген шешім шығарды», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Нангархар губернаторының орынбасары провинциядағы мемқызметкерлердің барлық хабарламалары осыдан кейін БАҚ-қа тек жазбаша түрде ғана берілуі тиіс деген тапсырма берді. Бұқаралық ақпарат құралдарында үкімет ғимараттарының, белгілердің немесе логотиптердің суреттерін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, ол жергілікті мемқызметкерлермен кез келген сұхбатты бейне форматта емес, тек аудио арқылы жүргізуді бұйырған. AFJC құқық қорғау ұйымының келтірген мәліметі бойынша мұндай шектеулер Қандағар, Тахар, Бадгис және Ғылманд провинцияларында орын алған. Аталмыш аймақтарда мемлекеттік және жеке телеарналар да жабылып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың тамыз айында күшіне енген «Адамгершілік туралы» заңның 17-бабында тірі жандардың бейнелерін жариялауға қатаң тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат