Ауғанстанда бойында жаны бар тіршілік иелерінің бейнесін жариялауға тыйым салынайын деп жатыр
|
Ауғанстанда кітап баспалары мен бұқаралық ақпарат құралдарында бойында жаны бар кез келген тіршілік иесінің бейнесін жариялауға тыйым салынайын деп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Hast-e Sobh» ондлайн басылымына жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Билік басындағы тәліптердің пәрменімен әзірленген әрі қабылданған өнегелілік туралы заңда қарастырылған мұндай тыйым Дайқұн және Панжшир провинцияларында қазірдің өзінде қолданысқа еніп қойған. Енді бұл шектеу шарасы күллі ел аумағында қолданылады. Осы орайда «Hast-e Sobh» мерзімді басылымының тәліптерден жасақталған үкіменттің шешімдерін сынға алып отыратынын айта кетпекпіз. Осыдан шамамен үш жыл бұрын аталмыш басылым «мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүрүізді» деген айыппен жабылған болатын. Билік тарапынан. Алайда, бұл газет қазіргі уақытта шетелде қызметін жалғастырып жатыр.