Ауғанстанда бір триллион долларға бағаланған жер асты байлығы бар
Ауғанстанда бір триллион долларға бағаланған жер асты байлығы бар
10 жыл бұрын 8811

Ауғанстан күрделі тақырып. Өз ішіндегі этникалық қақтығыстар мен діни бөлінушілікті былай қойғанда сыртқы күштердің ықпалымен тайталасып келе жатқан әлемдегі санаулы мемлкеттердің бірі. Ондай мемлекеттердің қатарында бірнеше ел бар екенін көзіқарақты оқырман өзі айырып ала жатар. Біздің айтқымыз келгені, Ауғанстан факторы аймақтағы тұрақтылық пен тыныштық үшін күресіп келе жатқан біздің елдің де бас ауруына айналды. Десе де, әлемдегі ең кедей ел бола тұра Ауғанстан жарты әлемнің байлығын жамбасына басып жатқанын, әлі ашылмаған қазынаның үстінде отырғанын біреу білсе, біреу білмес. Дәлірегі, Ауғанстанның минералды қазба байлықтың мол қорына ие болғаны анықталды.

Бұл өз кезегінде ИСИМ-нің мұнай кен орындарын иемденіп, арам мақсатта пайдаланып отырғаны секілді тәліптердің де осынау байлықты өзге мақсаттарға жұмсай ма деген қауіп бар. 1 трлн-ға бағаланған бұл байлықты АҚШ-тың геологиялық қызметі тапқаны айтылғанымен КСРО-ның геологиялық картасында белгіленіп қойылғаны турасында ақпараттың бары рас. Нақтырақ айтқанда, Ауғанстан аумағында 60 млн тонна жез, 2,2 млрд тонна темір рудасы, 1,4 млн тонна сирек кездесетін элементтерге жататын латан, церия, неодимамен қатар қалайы, алтын, күміс, цинк, сынап және литий кездеседі.

2 пікір
Мұрағат