Ауғанстан: Қытайдың тәліптермен келісуі қолдау ма, қорғану ма?
Ауғанстан: Қытайдың тәліптермен келісуі қолдау ма, қорғану ма?
3 жыл бұрын 2479

Жақын жылдары Қытай мен АҚШ арасындағы стратегиялық бәсекелестік Шығыс Азия-Батыс Тынық мұхиты аймағынан Оңтүстік Азияға дейін кеңейді. Бұл өз кезегінде Ауғанстан мәселесі бойынша тиісті елдердің стратегиялық қатынастарына әсер етеді және Қытайдың Ауғанстандағы мүдделеріне әсер етті және стратегиялық өзгеріске алып келді. Бұл туралы qazaqtimes.com ақпарат көзі жазады.

Мүдде - Егер ел басқа елге қатысты сыртқы саясатты тұжырымдаса, ол алдымен өз елінің басқа елде қандай мүдделері бар екенін, негізгі, маңызды және қосалқы мүдделері қандай екенін нақтылап, саясаттың мақсаттары, қежетті ресурстары мен іске асыру әдістерін анықтауы керек.

Қытайдың Ауғанстандағы мүдделері туралы мәселеге оралсақ. Қытай Халықарылқ қатынастар сарапшыларының мынадай пайымдамаларын көрсетуге болады. Қытайлық зеріттеуші Чжао Хуашэн өз зеріттеуінде балай деп пайымдаған: «Шыңжаңның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы Қытайдың Ауғанстан саясатының маңызы болып табылады. Шынжаң мәселесінде «Шығыс Түркістан» - оның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсер ететін ең үлкен ішкі қауіп, ал Ауғанстан - ең үлкен сыртқы қауіп. «Шығыс Түркістан »Ұйымы мен Талибан мен Аль-Каида. Байланыста»[1]. Танымал зеріттеуші Фу Юхонг зеріттеуінде: «Ауғанстандағы «үш күш» (Террористік күштер (терроризм), ұлттық сепаратистік күштер (сепаратизм), діни экстремистік күштер (экстремизм)) Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді, ал Ауғанстанмен шекаралас аймақтарда дайындалған «Шығыс Түркістан» сепаратистері Батыс Қытайдың қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп, егер ауған тәліптері билікке қайта оралса немесе ауған үкіметі әлсіз күйде қала берсе, «Шығыс Түркістан» элементтері Ауғанстанды пайдалана алатындай Ауғанстан Талибандары, Әл -Каида және басқа да бүлікші қарулы және зорлық -зомбылық террористік топтардың қолдау алуы мұмкін, Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін база ретінде қалудан сақтану керек [2]». Қытай зеріттеушілерінің бұл пайымдамасы тек бір жақты фактор. Кейінгі зеріттеушілер екінші факторды біргер ескеру керектігін пайымдады, Қытайдың Ауғанстандағы маңызды мүддесінің екінші жағы - экономикалық мүдде, яғни Ауғанстанның географиялық артықшылықтарын пайдаланып, нарыққа шығу- «Белдеу және жол», «Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізі» және Орталық Азия-Оңтүстік Азиямен экономикалық ынтымақтастық, ресурстық және энергетикалық даму[3].   АҚШ әскері Ауғанстаннан біртіндеп шегінгенен кейін, талибандар қайта оралып билікке келді, дегенмен ел ішінде бірқагша топтар тәлибанға қарысы соғыс ашатынын жаря етті. Қытай есепті ерте соқты, Қытай зеріттеушісі былай деп баяндады: « «Талибан» әскери артықшылығын мықтап алады және Қытай, Ресей және Иран сияқты көршілес державалармен жақсы қарым-қатынаста болады, тіпті, олар Қытаймен «өзара пайда мен жеңіске» жету үшін «Белдеу мен жол» жоспарына қосылуды қарастыруы мүмкін. Ауғанстан «экономикалық қалпына келуге» қол жеткізеді. Бірақ, тағы да айта кетерім бұл ең жақсы болжам [4]».

2021 жылы 28 шілдеде ҚХР Мемлекеттік кеңесші және Сыртқы істер министрі Ван И Тяньцзинде Ауғанстанның Талибан саяси комитетінің басшысы Баладармен және оның группасымен кездесті. Ван И Қытайдың Ауғанстанның ең үлкен көршісі екенін және Ауғанстанның егемендік тәуелсіздігі мен тұтастығын құрметтейтінін, Ауғанстанның ішкі істеріне араласпауды ұстанатынын және барлық ауған халқына бағытталған достық саясатты ұстанатынын айтты[5]. Бұнда Қытай ерте тұспал жасады, егер Ауғанстанда қайтадан соғыс басталса, АҚШ әскери қарулы күшін жалғасы шегініуін ұзартуы мұмкін, Егер Америка бұкілдеу шегінсе Қытай мен Ресей Ауғанстан үшін қаржы және жұмыс күшін жұмсап дамытуға міндеттеме арқалауға дайын ба ? -деген сұрақ туындайды.

Егер Ауғанстандағы өзгерістер Қытайдың Шыңжаңның тұрақтылығына әсер етпесе, Қытай Ауғанстанның іс әрекетін мұқият бақылап отыруы мүмкін.  Иран Ауғанстанда шиіттердің кейбір қарулы күштерін қолдау көрсетуі мұмкін. Бұл АҚШ мүддесіне тиімді емес. Бұнда жәнеде бір Тероризімнен сақтанушы өңірдегі белді ойыншы Үндістанды да айта кету керек, Пакистан мен Үндістан арасындағы ежелден бар шиеленіске жаңа баға беруші тәліптердің келуі керекбе ? бұл сұрақтар казіргі осы атлған елдердің сыртқы стратегиялық органдарының ойланатын басты мәселесі.  

Әдебиеттер тізімі

赵华胜:《中国与阿富汗———中国的利益、立场与观点》,《俄罗斯研究》2012年第5期。

富育红:《对中国进一步介入阿富汗问题的思考》,《国际关系研究》2014年第5期。

朱永彪、魏丽珺:《周边大国博弈背景下的巴阿局势》,《南亚研究》2018年第4期。

腾讯网新闻. 阿富汗局势突变,中国外交部罕见要求公民尽早撤离,大战一触即发. 网络资源: https://new.qq.com/rain/a/20210624a08weh00 

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты:https://www.fmprc.gov.cn/web/wjbzhd/t1895584.shtml.

Сарапшы: Қанат Қахар,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Аймақтану кафедрасының докторанты 

The Qazaq Times

0 пікір
Мұрағат