|
Ауғанстан билігі кей тұлғаларға төлқұжат берілмейтінін мәлімдеді
|
Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында насихаты мен қызметіне тыйым салынады – ред.) кей санаттағы тұлғаларға төлқұжат беруде шектеу енгізілетінін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ауғанның ішкі істер министрлігі ел аумағынан шығуға тыйым салынған тұлғаларға төлқұжат берілмейтінін атап өтті. Соның ішінде азаматтық құқық бұзғандар мен экономикалық қылмысқа барғандар шетелге шығу мүмкіндігінен айырылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)