Ауғандар мемлекет имиджіне нұқсан келтіретін «жаманаттан» арылуға жақын
|
Ауғанстан күллі әлем бойынша опиум өндірісінде көш бастаған ел ретінде танылған болатын. Тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы қарарымен әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) билік басына келуіне байланысты, дәлірегі, тәліптердің пәрменді әрекеттерімен есірткі алқаптары қысқаруына орай опиум өндірісі бойынша әскери хунтаның әрекетінен тыныштығы қашқан Мьянма (Бирма) бірінші орынға шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Guardian ақпарат көзіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының есебіне сәйкес Мьянма 2023 жылы апиын өндірісі бойынша Ауғанстанды басып озған. Оңтүстік Азиядағы аталған елде жыл басынан бері героин алынатын есірткі затының 1080 тоннасы өндірілген. Салыстыру үшін алсақ, Мьянма 2022 жылы 790 тонна апиын өндірген еді. Сонымен қатар, тарихта апиын мен героиннің негізгі орталығы болған Ауғанстанда есірткі өндірісі 95 пайызға төмендеп, жылына шамамен 330 тоннадан аспады. Тәліптер 2022 жылдың сәуірінде апиын көкнәрін өсіруге тыйым салған соң осындай жетістікке қол жеткізген. Ауғанстандағы көкнәр алқаптарының ауданы 2022 жылғы 233 мың гектардан 2023 жылы 10,8 мың гектарға дейін қысқарған. Оңтүстік Азия аймағы бұрыннан адам саудасы, апиын және метамфетамин өндірісінің орталығы болып саналады. Мьянмада «апиын экономикасының» көлемі 1 миллиард доллардан 2,4 миллиард долларға дейін бағаланады, яғни, осынау елдің ресми жалпы ішкі өнімінің 1,7 пайызына тең көрсеткішті құрайды. Мьянманың көлеңкелі экономикасы өсуде, өйткені, заңды экономика 2021 жылдан бері толастамаған әскери қақтығыстарға байланысты құлдырап кеткен еді. Соғыс зардаптарына байланысты Мьянмадағы көптеген фермерлер апиын көкнәр өсіре бастады. Елдің көкнәр өсіретін негізгі орталығы - Мьянманы бақылайтын хунта мен жергілікті көтерілісшілер арасында әлі күнге дейін қақтығыстар болып жатқан елдің солтүстігіндегі Шан штаты саналады. Сонымен қатар, 2021 жылы Мьянмада билікті басып алған әскерилер есірткі саудасын толығымен жоюға мүдделі емес.
Ұқсас материалдар:
«Бір жыл ішінде Ауғанстандағы есірткі өндірісі 95 пайызға төмендеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-jyl-ishinde-auganstandagy-esirtki-ondirisi-95-paiyzga-tomendedi-19414/#gsc.tab=0);
«Тәліптер Ауғанстанда апиын егістігінің толық жойылғанын мәлімдеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-auganstanda-apiyn-egistiginin-tolyq-joiylganyn-malimdedi-18544/#gsc.tab=0);
"Тәліптер қарасора өсіруге тыйым салды" (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-qarasora-osiruge-tyiym-saldy-18313/#gsc.tab=0);
«Тәліптер есірткі өсіруге тыйым салды» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-esirtki-osiruge-tyiym-saldy-16588/#gsc.tab=0);
«Ауған «көзірі»: Есірткі трафигінен лития трафигіне өте ала ма?» (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-koziri-esirtki-trafiginen-litiya-trafigine-ote-ala-ma-15930/#gsc.tab=0);
«Тәліптерді биліктен тайдырғаннан кейін есірткі саудасы қарқын алған» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/talipterdi-bilikten-taidyrgannan-keiin-esirtki-saudasy-qarqyn-algan-7896/#gsc.tab=0);
«Ауғанстан есірткі еліне айналды» (https://islam.kz/kk/news/alem/auganstan-esirtki-eline-ainaldy-11191/#gsc.tab=0)