Ауған билігі мен тәліптер арасында ресми емес келіссөз өтті
Ауған билігі мен тәліптер арасында ресми емес келіссөз өтті
10 жыл бұрын 4132

Катардың Әлһор қаласында жуырда ауған билігінің өкілдері мен «Тәліптер» қозғалысы жетекшілерінің арасында ресми сипаты жоқ келіссөз өтті. Бұл келіссөз жабық өткендіктен онда қандай мәселелер қозғалғанын айта алмаймыз. Десе де, сарапшылар мұны жақсылыққа жорып, бейбіт келіссөздің, ымыраға келудің басы деп отыр. Бұл жайында ағылшын тілінде жарық көретін «The Wall Street Journal» басылымы хабар таратты. «Мұндай байланыс түрлі саяси күштердің арасын жақындатады», - деді тәліптер делегациясын бастап келген Мұхаммед Аббас Станикзай (Sher Muhammad Abbas Stanikzai) осы жайында хабар таратқан аталмыш ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. «Тәліптер кездесуге түрлі саяси топтардың өкілдерін қатыстыруды талап етіп отыр. Бұл шектен шығушылық»,- деді аты-жөнін атамаған ауған билігінің өкілі өз кезегінде. Тараптар келесі келіссөзді үстіміздегі жылдың маусым айында жалғастыруға уағдаласты. Бұл келіссөзге тәліптер жағынан сегіз адам қатысты.  

0 пікір
Мұрағат