|
Әуежайда паспорт орнына смартфон қолдануға болады
|
Дубай халықаралық әуежайы ұшу алдындағы бақылау кезінде паспорт орнына жолаушылардың смартфондарын қолдана алады, деп жазады Gulf News.
Ол үшін телефонға арнайы Smart UAE Wallet қосымшасын жүктеп алу керек. Бұл бағдарламаға паспорт мәліметтері сақталып, билет ақпараттары да енгізіледі.
Дубай әуежайынан ұшар кезде жолаушылар смартфондарын арнайы турникеттерден өту арқылы өткізіп, саусақ таңбасын көрсетеді. Жаңа жүйе әр жолаушыны рәсімдеу уақытын 9-12 секундқа дейін азайтпақ. Бұл жаңа жүйені тек БАӘ азаматтары ғана қолдана алады.
Жобаны ел үкіметі Emirates әуе компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Жарақатты теріде тыртық қалдырмай емдеу жолы табылды
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)