Әуе кемесін спутниктен қадағалайтын алғашқы ел - мұсылман елі
Әуе кемесін спутниктен қадағалайтын алғашқы ел - мұсылман елі
8 жыл бұрын 3289 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Малайзиялық Malaysia Airlines әуе компаниясы әлемде тұңғыш рет лайнерлерді спутниктің көмегімен бақылайтын болады. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Осыған байланысты әуеден тасымалдаушы компания Aireon, SITAOnAir және FlightAware компанияларымен келісім-шартқа отырды. Ендігі жерде аталмыш компания өзінің ұшақтарын спутниктің көмегімен әлемнің кез келген түкпірінен нақты уақыт аралығында бақылай алатын болады. Полярлы аймақтардан да. Бұл жоба әлем бойынша 2018 жылы қолға алынады. Malaysia Airlines компаниясының атқарушы директоры Ізһам Ысмайыл бұл қадам авиаиндустриядағы ең үлкен жаңалық болып табылатынын мәлімдеді. Айта кетейік, қазіргі уақытта халықаралық рейстердің көбісі қай маңда кетіп бара жатқанын ADS-B технологиясының көмегімен хабарлайды. 2014 жылдың наурыз айында Малайзия астанасы - Куала-Лумпур қаласынан Бейжіңге ұшқан Boeing-777 радар экранынан жоғалып кеткен еді. Бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі бар әуе кемесін әлем болып жабыла іздеген болатын. Тек 2015 жылдың қаңтар айында ғана Үнді мұхитынан оның қаңқалары табылған болатын. Десе де ұшақтың неден және нақты қай жерде апатқа ұшырағаны белгілісіз болып қалды. 

0 пікір
Мұрағат