Ауадағы қатты бөлшектерден өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді
Ауадағы қатты бөлшектерден өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді
3 жыл бұрын 2249 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропалық қоршаған орта агенттігінің (ЕЭА) есебінде айтылғандай, ауаның қатты бөлшектермен (PM 2.5) ластануы салдарынан 2019 жылы кәрі құрлықта 307 000 адамның жасына жетпей дүниеден озуына апарып соқтырған. Бұл өлім-жітімнің жартысының алдын алып, болдырмауға болатын еді – ауадағы қатты бөлшектердің шоғырдану деңгейін бір текше метреде 5 микгрограмнан асырмай ұстау арқылы. Бұл жайында islam.kz порталы eea.europa.eu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған агенттік дерегінше, өкпе, жүрек, онкологиялық аурулар ауа сапасының төмендігінен кеңіен тараған. Балалар арасында демікпе дертіне шалдыққандар қарасы көбейіп келеді. Дегенмен ауаның PM 2,5-пен ластануынан болатын өлім-жітім көрсеткіші жыл сайын 10 пайызға азайып келеді. Мәселен, 2018 жылы 346 мың адам ауаның қатты заттар бөлшектерімен ластануынан бақилық болса, өткен ғасырдың 90-шы жылдардың бас кезінде жарты млн-дай адам өлетін. Ауадағы қатты бөлшектер ғана емес денсаулыққа зиянын тигізетін, сонымен қатар, жылу электр стансалары мен автокөліктер бөлетін азот диоксиді де қауіпті – 2019 жылы Еуропада осы азот диоксидінен 40 мың адам дүние салған. Дегенмен 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда төрттен бірге кем. Дүниеүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәлімет бойынша әлемде ауаның ластануынан жыл сайын 7 млн адам опат болып жатады. Еуропа билігі ауаның қатты бөлшектермен ластану деңгейінен болатын өлім-жітімді 2030 жылға дейін 55 пайызға азайтуды көздеп отыр (2005 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда). Таяуда қытай және америкалық ғалымдар ауасы қатты ластанған аудандарда тұратын тұрғындар арасында күйзеліс (депрессия) пен бойкүйездікке бой алдырғандар қарасы тым көп екенін анықтаған болатын.

 

0 пікір
Мұрағат