Атышулы исламофоб әрі саясаткер мешіт пен Құранға тыйым салу райынан қайтты
Атышулы исламофоб әрі саясаткер мешіт пен Құранға тыйым салу райынан қайтты
12 ай бұрын 1106 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нидерландыдағы демократиялық қағидаттарға сай өтетін кезекті саяси додада, яғни, сайлауда айқын жеңіске жеткен әсіре оңшыл саясаткер әрі исламофобиялық мәлімдемелерімен аты шыққан Герт Вилдерс ел аумағындағы мешіттер мен қасиетті Құранға тыйым салу қарастырылған, сонысымен талас-тартыс тудырған өзінің заң жобасын кері қайтарып алмақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The National News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саясаткер өзінің бұл бағыттағы ұстанымын өзгерткенін жаңа министрлер кабинетін жасақтауға байланысты келіссөзде жеткізді. Герт Вилдерс пен оның партиясы үш негізгі партиямен коалицияға кіруге үміт артып отыр және бұл партиялармен сындарлы қарым-қатынас орнату үшін исламофобиялық жоспарынан бас тартуға тура келген.   

0 пікір
Мұрағат