Атырау облысында имамның жұма намазын оқуына кедергі келтірген азамат жауапқа тартылды
Атырау облысында имамның жұма намазын оқуына кедергі келтірген азамат жауапқа тартылды
10 жыл бұрын 4812

Атырау облысында имамның жұма намазын оқуына кедергі келтірген азамат жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Миялы селосындағы "Бәйтерек" мешітінде жұма намазы уақытында бір азамат мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай, намаз оқу кезінде имамға кедергі келтірген, сол себепті азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот отырысында ол кінәсін мойындап, имамға жұма намазын оқу кезінде еріксіз кедергі жасағанын айтты.

"Сотта "Бәйтерек" мешітінің бас имамы оның жұма намазы оқылуы кезінде келген адамдарға кедергі келтіріп, жұма намазын бұзып, жамағат алдында өзінің идеологиясын насихаттап, мешіттің ішкі тәртібіне сай келмейтін әрекет жасағаны туралы түсінік берді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сот мешітке келушіні Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 2-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 99 100 теңге айыппұл салды.

0 пікір
Мұрағат