Атом құрылысы саласындағы шетелдік тапсырыс соңғы 11 жылда ең жоғары деңгейге жетті
Атом құрылысы саласындағы шетелдік тапсырыс соңғы 11 жылда ең жоғары деңгейге жетті
18 сағат бұрын 187 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Last year's overseas construction orders reach the highest level in 11 years. The significant increase in orders from the European region, including the Czech nuclear power plant, has a major impact. Photo: Rendering of the new nuclear power plant construction in Dukovany, Czech Republic

Оңтүстік Кореядағы атом құрылысына қатысты шетелдік тапсырыстардың ауқымы өткен жылы соңғы 11 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Чех атом электр станциясын қоса алғанда, еуропалық өңірлерден тапсырыстардың едәуір ұлғаюы бұл тараптағы көрсеткіштердің өсуіне ықпал еткен. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңғы шық елінің жер, инфрақұрылым және көлік министрлігі өткен жылғы шетелдік құрылыс тапсырыстарының сомасы 47,27 миллиард долларға жеткенін жариялады. Бұл 66 миллиард доллар тіркелген 2014 жылдан бергі 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш және 46,1 миллиард доллар 40 миллиардтан асқан 2015 жылдан бергі алғашқы жағдай. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 27,4%-ға артқан (37,11 миллиард доллар). Шетелдік құрылыс тапсырыстарының ауқымы төрт жыл қатарынан өсіп келеді: 2022 жылы  -30,98 млрд доллар, 2023 жылы - 33,31 млрд доллар, 2024 жылы - 37,11 млрд доллар. Шетелдікк ьапсырыстардың аймақтарына келсек, Еуропа – 20,16 млрд доллар. Яғни, жалпы тапсырыстың жартысына жуығын құрайды - 42,6%. Бір ғана чех атом электр стансасының жобасы өткен жылғы тапсырыстардың жалпы мөлшерінің шамамен 39,6% -ын құраған. Таяу Шығыстан түскен тапсырыстарды нақты қаражатқа шаққанда 11,9 миллиард долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 35,8% -ға аз (18,5 миллиард доллар). Дегенмен, аталған өлке жылына 10 миллиард доллардан асатын тапсырыстарды тұрақты түрде беріп отырады. Бұдан басқа, Солтүстік Америка мен Тынық мұхиты өңірінде (6,4 миллиард доллар) өткен жылмен салыстырғанда 10% -ға, ал Латын Америкасында (1,38 миллиард доллар) - 9,3% -ға төмендеді. Алдағы уақытта кәрістердің атом құрылыс саласы көмірқышқыл газын аулау, энергияны сақтау жүйесі және дата-орталықтар салу сияқты болашақ бағыттарға шыға отырып, өз портфелін әртараптандырады. Мысалы, Катарда көмірқышқыл газын аулау, сығымдау, тасымалдау және сақтау бойынша 1,37 миллиард долларлық жоба жасалды. Өткен жылы бұл сала, сондай-ақ, дата-орталықтар секторында 480 миллион доллар сомасына тапсырыс тіркеді.

0 пікір
Мұрағат