Атмосфераға тараған ең қауіпті газдың мөлшері бірнеше есе артып кеткен
|
2006 жылдан бастап атмосфераға зиянды газдардың бөлінуі айтарлықтай жеделдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Frontiers in Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған алаңдаған ғалымдар қоршаған орта мен жалпы тіршілікке қауіпті газдардың бөліну мөлшерін кеміту бағытындағы шаралар күшейтілмейінше, осы он жылдың соңына дейін атмосферада газдардың шоғырлану деңгейі өсе беретінін алға тартып отыр. 2020 жылдардағы ауаға бөлінген метан мөлшері 2010 жылдардағыдан жылына орта есеппен 30 миллион тоннаға жоғары болды. Бұған газ бен мұнай өндірудің тоқтамауы, гидравликалық жарықшақ, сондай-ақ мал шаруашылығы мен күріш өндірісінің ұлғаюы себеп болған. Бұл тараптағы зерттеу авторлары әлем қауымдастығының көмірқышқыл газымен күресуге баса назар аударып, метанның кері ықпалын назардан тыс қалдырғанын атап көрсетеді. Оның үстіне, CO2-мен салыстырғанда бұл газ атмосфераны 80 есе көп қыздырады.