Атмосферада көмірқышқыл газының ең көп мөлшері жиналды
Атмосферада көмірқышқыл газының ең көп мөлшері жиналды
5 ай бұрын 525 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Leonid Sorokin / Shutterstock / Fotodom

Жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының концентрациясы (шоғырлану деңгейі) 2023 жылы ең жоғары шегіне жетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Росгидромет дерегіне жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атмосферадағы парниктік газдардың  концентрациясы жаһандық атмосфералық бақылауға (GAW) енгізілген стансалардағы өлшеу нәтижелері бойынша есептеледі. Бұл тараптағы тізімге Кола түбегіндегі Териберка және Лаптев теңізіндегі Тикси стансалары, сондай-ақ, Санкт-Петербург маңында орын тепкен Обь шығанағы жағалауындағы Жаңа айлақ (Новый порт) пен Воейково стансалары кіреді. Бұл бағыттағы ахуалды дәлірек талдау үшін Американың Аляскадағы Барроу стансасының мәліметтері пайдаланылды. Сарапшылардың айтуынша, 2023 жылы көмірқышқыл газының концентрациясы тағы бір жоғары деңгейге жетті. Теріберка станцсасындағы СО2-нің орташа жылдық концентрациясы 423 промилледен асып кеткен, ал қыс мезгілінде байқалған орташа айлық максималды мәндер 430 промилледен асқан. Өткен жылы атмосфераға бөлінген жаһандық көмірқышқыл газының мөлшері рекордтық көрсеткішке жетіп, 40 гигатоннаны құрады, бұл шама 2022 жылмен салыстырғанда екі пайызға жоғары. Бұған жаңғыртпалы және көмірсутек көздерінен энергияны молынан тұтыну себеп болған.

0 пікір
Мұрағат