Атеистер мен агностиктердің саяси қозғалысы басталмай жатып тарқап тынды. Сатанистер не дейді?
Атеистер мен агностиктердің саяси қозғалысы басталмай жатып тарқап тынды. Сатанистер не дейді?
4 жыл бұрын 3057 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Атеистер мен агностиктер No Lives Matter («Ешкімнің өмірі маңызды емес») деп аталатын өздерінің қоғамдық-саяси қозғалысын құратынын жариялады. Өздерінің дүниетанымына сәйкес олар өмірдің мәнсіздігін басты аргумент ретінде алға тартқан. Бұл жайында The Babylon Bee сатиралық сайт мысқылдай отырып жазыпты. No Lives Matter қозғалысының мүшелері өзгелердің шеруіне қарсы шеру өткізуді жоспарлаған көрінеді. Олардың барлығының көзқарасы мен талабының мағынасыздығын естеріне салып отыру үшін. Осылайша қоғамдық-саяси өмірдегі өз орнын айқындап алғысы келген екен. «Бәріміз – эволюция жолындағы кездейсоқ құбылыс болғандықтан біздің өнегелік шындығымыз – бар-жоғы миымыздағы биохимиялық реакциядан басқа дәнеңе де емес, адам өмірі шын мәнінде түкке тұрғысыз»,- деп мәлімдеді аталмыш қозғалыс атынан оның аса көрнекті өкілі Ричард Докинз (Richard Dawkins). Десе де аталмыш қозғалыс жетекшілерінің күмәнді әрі күңгірт тұсы көп мәлімдемесіне атеистер мен агностиктердің өздері қанағаттанған жоқ. Тіпті, өздері ойлап тапқан ұранның мәнсіздігіне көздері жетіп, ақыры тарқап тынды.

АҚШ-тың Миссисипи штаты құл иеленуші конфедераттар символы болғаны үшін байрағының дизайнын өзгертпек болып жатыр. Алайда, жаңа символ халықтың өзіндік ерекшелігі бар тобына жататын сатанистердің қолайына жақпай қалды. The Hill мерзімді басылымы хабарлағандай, сатанистерге «Құдайға арқа сүйейміз» деген сөз тіркесі ұанмай қалған. «Адамдарды жік-жікке бөлетін символды жойып, оның орнын тағы адамдарды бөлетін фразамен алмастырғаннан бөлінушілікті жоя алмайды»,- деп жазыпты жергілікті сатанистер аталмыш штаттың бас прокуроры Линну Фитчқа жазған шағымында. Сатанистер шіркеуінің заңгері «Құдайға да, Сайтанға да сенеміз» деп жазуды ұсынып отыр. Сатанистер өздерінің бұл талабына құлақ аспаса, сотқа жүгінетіндіктерін айтып отыр.

0 пікір
Мұрағат