Атеистер доллардан Құдайға қатысты тіркесті алып тастауды талап етуде
Атеистер доллардан Құдайға қатысты тіркесті алып тастауды талап етуде
6 жыл бұрын 3246 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та атеистер доллардан In God We Trust ("Біз құдайға сенеміз") сөз тіркесін алып тастауды талап етуде. Reuters ақпарат ресурсының таратқан хабарына қарағанда, белсенділер америкалық қағаз ақшадағы бұл сөз тіркесі Конгреске қандай да бір дінге қолдау білдіруіне тыйым салатын АҚШ конституциясына қайшы келетінін алға тартып отыр. Яғни, қандай да бір дінге артықшылық беріліп отыр немесе құдайды барына сенбейтіндердің құқығына нұқсан келтіріп отыр. Десе де атеистердің бұл талабын сот қанағаттандырған жоқ. Соттың уәжі бойынша доллардағы бұл сөз тіркесі "конгреске мемлекеттік дінді құруға қатысты заң шығаруға тыйым салу жөніндегі бұрынғы тармаққа" сәйкес келеді. Сөз орайы келгенде естеріңізге сала кетсек, атеистердің шамына тиген доллардағы In God We Trust тіркесі 1956 жылы АҚШ-тың ұлттық ұранына айналған болатынр. 1960-шы жылдары бұл сөз тіркесі долларда пайда болды. Ал тиындарда 1864 жылы Азаматтық соғыс кезінен бері бар. 

0 пікір
Мұрағат