Ата-аналарға бала туған сәттен бастап 26 жасқа дейін жәрдемақы беріледі
Ата-аналарға бала туған сәттен бастап 26 жасқа дейін жәрдемақы беріледі
5 жыл бұрын 4600 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Италия билігі бала туған алғашқы айдан бастап, 26 жасқа толғанша олардың ата-анасына әр ай сайын 100 еуродан бастап 300 еуроға дейін жәрдемақы беретін болып шешті. Бұл жайында аталған елдің отбасы жөніндегі министрі Лоренцо Фонтана мәлім етті. Кеше, жұма күні - шілде айының 5-де. Италия билігінің мұндай қадамға баруына елдегі демографиялық жағдайдың тым нашарлап кеткені себеп болып отыр. Осы жылдың шілде айындағы статистикалық мәліметке қарағанда, Италиядағы туу көрсеткіші 1861 жылдан бері ең төменгі деңгейге жеткен. Италия бүгінгі таңда қарызға белшесінен батқан Еуропалық одақ құрамындағы ел. Осыған байланысты ЕО Италияға қарызды қайтаруға қатысты қатаң талаптар қойып отыр. Өйтпеген жағдайда санкция салатынын де ескерткен. Соған қарамастан ел бюджетінен қыруар қаржы шығындауына тура келіп отыр. Демографиялық апаттың алдын алу үшін. ЕО қас-қабағынан қаймықпай. Бұдан бөлек, Италия батыс елдері қырын қарап отырған, қытайлардың экспанциясы ретінде қабылдайтын "Бір белдеу - бір жол" жаһандық жобасына қатысуға ризашылығын білдірген ЕО құрамындағы алғашқы ел екенін де естен шығармайық. Кері кете бастаған экономикасын жандандыру үшін тал қармайдының керін келтіріп.

0 пікір
Мұрағат