Асырауға тыйым салынатын жануарлар санаты бекітілді
Асырауға тыйым салынатын жануарлар санаты бекітілді
5 жыл бұрын 4403 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірер жылдан соң қолданысқа енетін жаңа ережеге сәйкес 2020 жылдың қаңтар айының 1-не дейін сатып алынған жануарларды өз өлімімен өлгенше асырауға тыйым салынбайды. Аталмыш тыйымның жыртқыш жануарларға немесе адамға қауіпті жануарларға қаатысы болмайды. Аталған мерзімге дейін. Ресей Федерациясы билігі қабылдаған № 795 қаулысына сәйкес қожайыны мен өзге тірлішік иелеріне қауіпті жыртқыш жануарларды, улы жануарларды, сондай-ақ, тіршілік ету ортасынан кетсе, денсаулығына зақым келетін, яғни, үйде асыраса, қамап ұстаса, ішқұса күйге түсетін, дәлірегі, жерсінбейтін жануарларды асырауға қатаң тыйым салынады. Осы заманғы асырауға байланысты жануарлар тізімі жүйесіне енгендер арасында жануарлардың 33 отряды және 8 класы бар (бауырымен жорғалаушылар, шаян тәрізділер, құстар, қос құрлықты мекендеушілер, сүт қоректілер, т.б.). Десе де бұл тыйым Ресейдің №498-ФЗ федералды заңының (10-шы баптың 1-ші бөлімінің 1-ші тармағына) сәйкес жануарларды хайуанаттар бағындағы, цирктегі, делфинариядағы, океанариумдағы, т.б. жануарларға жүрмейді. Жануарларды асырау үшін №819 қаулыға сәйкес Ресейдің табиғатты қадағалау органынан рұқсат алуы тиіс. 

0 пікір
Мұрағат