Әскерде қызмет ету жасына қатысты шектеу алынып тасталады
Әскерде қызмет ету жасына қатысты шектеу алынып тасталады
5 жыл бұрын 2159 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Данияның қорғаныс министрі Трине Брамсен «Халық жасағына» (Hjemmeværnet) өз еркімен келгісі келетін сержанттар мен капралдар, офицерлер үшін жасына қарай қойылатын шектеуді алып тастайтынын мәлімдеді. Бүгінде жасы 60-қа толған әскери қызметкер зейнетке шығуға міндетті. «Бұл дұрыс емес. Біз жасы алпыстан асқандардан құтылғанша асық болып отырғандай күй кешеміз, бұл арада алпыс жасында да ширақ қалпында қалатындары барын ескермейміз»,- деді аталмыш елдің қорғаныс министрлігінің жетекшісі. Бұл жайында даттардың Jyllands-Posten ақпарат көзі хабар таратты. Трине Брамсеннің айтуынша, «Халық жасағында» қызмет етуді жалғастырғысы келетіндер үшін жас шектеуін алып тастайтын тиісті заң 2020 жылы қабылданады. «Халық жасағы» штабының бастығы Йетте Альбинус министрдің бұл бастамасын қолдайтынын жеткізе келіп, жасы егде тартқан әскери қызметкерлердің қорғаныс саласындағы тәжірибесі жас сарбаздардың шыңдалуына көп көмектесетінін алға тартты.

0 пікір
Мұрағат