Ашық далада балабақша ашуға рұқсат берілді
Ашық далада балабақша ашуға рұқсат берілді
5 жыл бұрын 2981 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Литвада көп ұзамай ашық далада алғашқы балабақша ашылуы мүмкін. Осы мәселе бойынша аталған ел парламенті денсаулық сақтау министрі Аурелиюс Веригидің осындай мектепке дейінгі мекемеге қатысты ұсынысын заңдасдырып та қойды. Десе де аталмыш мәселеге қатысты кейбір заңнамалық актілерді нақтылап, бекіту керек. Атап айтқанда, ашық далада балабақша ашатын жер, бау-бақша, су құбыры тартылып, дәретхана қойылуы тиіс, бұдан бөлек, ашық далада ұйықтауға қажетті жағдай (жауын-шашын бола қалған жағдайда жаңбырдан пана, желден ық болатын орын, қыс мезгілінде жылынатын орын, т.б. инфрақұрылына қатысты актілер нақтыланып, қабылднауы тиіс. Сөз орайы келгенде айта кету керек, мұндай тәжірибе Еуропаның бірқатар елінде, атап айтқанда, Чехияда, Германияда, Ұлыбританияда, Австрияда бұрыннан бар. Әдетте мұндай балабақша орман-тоғай аумағында болады. Таза ауа балалардың иммунитетін нығайтатындықтан мұндай балабақшалардың маңызы зор. Тағы бір айта кететін нәрсе, Литвада жылы күндер жылына 4 айдан аспайды. Бұдан бөлек, Литва кене инфекциясынан жан басына шаққанда ең көп зардап шегіп отырған ел кәрі құрлықта. Бұл турасында кезінде айтып өткенбіз.

0 пікір
Мұрағат